Президент Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті

20.07.2023

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, «жасыл» энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қаузады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі негізгі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытып, нығайту үшін мол әлеует бар екенін айтып, екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға ниетті екенін жеткізді. 


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу