Фермер Сералы Әбжалов мал шаруашылығын дамытуға үлес қосуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фермер Сералы Әбжалов мал шаруашылығын дамытуға үлес қосуда

28.01.2015
Фермер Сералы Әбжалов мал шаруашылығын дамытуға үлес қосуда

Жүйелі жұмыстың арқасында мал саны жыл санап артуда. Шаруашылық жергілікті ғалымдармен бірлесіп, қойдың «Ордабасы» атты түрін көбейтіп, өзге шаруашылықтарға сатуда.

Табанды еңбектің арқасында Сералы Әбжаловтың қожалығында қой саны 5600-ға жеткен.

Шаруа ісінің өркендеуіне мемлекет тарапынан берілген қолдаудың көп көмегі тигенін айтады. 2003 жылдан бері субсидия алатын қожалық енді «Сыбаға» бағдарламасы аясында сиыр тұқымын асылдандырмақшы. 

Бүгінде шаруашылықта жиырмадан аса малшы тұрақты жұмыс істейді. Егіс науқанында жұмысшылар саны елуге дейін жетеді.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу