Жаңа көлікке сұраныс: Қазақстан нарығын «жаулай» бастаған қытай көліктері
Қыс жақындаса, қазақстандықтарды алаңдататын бір мәселе бар. Ол ескі көліктер жыры. Бұл көлік тізгендегердің көбіне ортақ.
Өйткені, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде 4 млн 409 мың көлік болса, соның 46 пайызының қолданылғанына 20 жылдан асқан. Яғни, темірі шіруге айналғаны былай тұрсын, күн суыса майы қатып от алмай жатады. Аязда рөлі қатып, бұрылуы ауырлайды. Пеші істемей, дірдек қақтырады.
Қазақстандықтар да жаппай жаңа көлік мінгісі келеді. Бірақ, отандық өндіріс әзірге ішкі нарықты қамти алмай отыр. Үкімет 4 пайыздық бағдарлама ұсынғанда көлік табылмаған. Азаматтар айлап кезекте тұрған.
Бірақ, «Қазақстан автокөлік одағының» дерегінше, биыл жағдай түзелген. Қазақстандық дилерлер жыл басынан бері 120 мыңнан астам жаңа көлік сатыпты. Бұл былтырғыдан 60%-ға артық. Дегенмен, ескі көліктер саны 2 миллионға жуық екенін ескерсек, жаңа көліктерге сұраныс жылдан жылға көбейіп келеді.
Ал, сол сұранысты қазір Қытай ұтымды пайдалануда. Биыл Қазақстан нарығын жаппай «жаулай» бастады. Мысалы, алғашқы 5 айдың өзінде көрші елден 16 мың көлік әкелінген. Бұл бүкіл 2022 жылдың көрсеткішінен 30 пайызға артық. Дәл Қытай секілді бір де бір елден мұнша көп көлік келмеген.
Мәселен, одан кейін тұрған АҚШ-тан 10 мың көлік жеткізілген.Сонымен, Қытай көліктеріне неге сұраныс артты? Олардың қаптауы отандық өндіріске қалай әсер етеді? Қазақстанның қадамы қандай болмақ? Аманкелді Сейтхан зерттеп көрді.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Жалт жұлт етіп көзді арбайтын,Сырты сұлу,Асты биік,Арты кең,Құрымы да жұп-жұмсақ,,,Ішінде жанға керектінің бәрі бар,Бір мінсең түскің келмейтін осы көліктерді қазір Қазақстандықтар талап алып жатыр,-дейді автосалондағылар. Тіпті, аттарын да жаттап үлгермей жатырмыз. Бірақ, Қытай көліктерінің сапасы қалай? Басты сұрақ, осының әсерінен көлік нарығы қалай өзгеріп жатыр? Бірге көрейік...
Сұңқар Жұртбай, автосарапшы:
Қытайдан қорқып үйреніп қалғандықтан болар, ат тонымызды ала қашамыз Қытай деп естісек. Бұл жерде қорқудың қажеті жоқ. Қытай көліктерінің соңғы кездегі модельдері сапасы біршама көтерілген. Заманауи техникалармен жабдықталуы өте жақсы. Және ең басты мәселе баға мәселесі.
Анар Мақашева, «Қазақстанның автокөлік одағы» президенті:
Олар көлікке 5 жылдық кепілдік беру арқылы ұтып жатыр. Көп азаматтар сол кепілдікке қызығады. Сапасына күмәнданып тұрса да, кепілдігі бар ғой деп сенеді.
Бұрын тек салондарда самсап тұратын қытай көліктері қазір көшелерде жүйткіп жүр. 2023 жылдың алғашқы 8 айында сатылған көліктердің ТОП 10-дығына 6 қытайлық брэнд енген. Қытайлық модельдер тіпті Қазақстандықтардың сүйікті көлігі саналатын Жапондық Тойота маркасынан да алға шыққан. Оның бірнеше себебі бар. Негізгі фактордың бірі қазіргі геосаяси жағдай,-дейді сарапшы.
Сұңқар Жұртбай, автосарапшы:
Батыстық көліктер бұрын Ресейде жиналып келетін бізге. Ресейде бұл көліктерді жинау тоқтатылғаннан кейін алыс шет елден келетін болды. Яғни, оларға БАЖ салығы мен, алғашқы тіркеу салығы үстеме боп қосылғандықтан, олардың бағасы бірталай көтерілді.
Саяси ахуалды ұтымды пайдаланған Қытайлықтар көлікті арзанға сата бастады. Сол арқылы біз¬ді ғана емес, әлемдік нарықты да игеруге көшкен. Мәселен, Moody's агенттігінің мәлімет¬інше, Қытай көліктерінің жы묬дық экспорты 2021 жылы Оңтүстік Кореяны, 2022 жылы Гер¬мବ¬нияны басып озған. Ал, биыл тіпті Жапониядан аспақ.
Сұңқар Жұртбай, автосарапшы:
Бізде 1-ші орында тұрған қытай көліктері емес, Оңтүстік Корея көліктері. Енді қытай көліктері Оңтүстік Корея, Жапон көліктерінен қымбат болатын болса оны біз түгілі Қытайдың өзінде де алмас еді./
Қытайдың негізі тұтынушысы Орталық Азия. 6 айда Қорғас арқылы Қытайдан 92 мың көлік Азия елдеріне өткен. Бұл былтырғыдан 5 есе көп. Қытай Ресейдің тұралап қалған зауыттарына да бірге жұмыс істеуді ұсынуда. Яғни, Ресейде құрастырып, Қазақстанға тасымалдауы ықтимал. Соның алдын алу үшін қытай көліктерін Қазақстанда құрастыру жоспарланып отыр.
Меруерт Ибраева, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры:
Қазір Астана моторс заутының құрылысы басталды. Құны 160 млрд теңгені құрайтын қытайлық Чери, Хавал және Ченган маркалы жеңіл көліктерді шығаратын толықциклды зауыт қуаттылығы жылына 90 мың бірлік болатын зауыт құрылысын аяқтау 24 жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар биыл Алматының индустриалды аймағында Ексид автокөлігін шығаратын кәсіпорынның құрылысын бастау жоспарланған.
Одан бөлек, 2025 жылы Қостанайда жылына 70 мың көлік шығаратын КИА зауыты ашылмақ. Осылайша, 2027 жылға қарай Қазақстанда жылына 500 мың көлік құрастырылады. Ол маңызды да. Өйткені, жусан аналитикс сарапшыларының зерттеуінше, елдегі автомобильдердің 70 пайызының жүрілгеніне - 10 жылдан асқан. Ал, 3 жылдан аспағандары 6 пайыз ғана.
Рысбек Саянұлы, «Jusan Analytics» зерттеу орталығының сарапшысы:
Қазіргі таңда халықтың тұрмыс деңгейі көбінесе 20 жылға 10 жылдан асқан айдалған көліктерді сатып алуға жетіп жатыр да. Бұл тезисті дәлелдейтін тағы бір факт бар яғни, 7 айдың ішінде әрбір 20 жылдан астам пайдаланылған көліктердің әр 5 көліктің иесі ауысқан екен.
Анар Мақашева, «Қазақстанның автокөлік одағы» президенті:
Негізі, 2023 жылдың 8 айында Қазақстанда 97 мыңнан астам көлік құрастырылған. Бұл өткен жылдан 40 пайызға көп. Негізі, бізде көлік дефицитіне пандемия әсер еткен еді. Дегенмен, сол кездегі логистикалық қиындықтар қазір шешіліп, сала қарқынды дами бастады деуге болады.
«Қытай көліктері» деп үрке қарасақ та, нарықта қандай да бір баламаның болғаны тиімді,-дейді сарапшы. Бұл бәсекені арттырып, көліктің арзандауына әсер етуі мүмкін.
Рысбек Саянұлы, «Jusan Analytics» зерттеу орталығының сарапшысы:
Қазіргі таңда Қазақстанда Б және Е класс және минивендерге сұраныс өте үлкен. Алайда, олардың жаңа түрлеріне халықтың тұрмыс деңгейі жете бермейді. Егер де осының бәрі қазіргі деңгеймен жалғаса беретін болса Қазақстанның автопаркі қартая береді.
Анар Мақашева, «Қазақстанның автокөлік одағы» президенті:
Салыстырмалы түрде қарасақ, автокөлік бағалары былтырғыдан орташа 7 пайызға өскен. Бірақ, бұл басқа тауарлардың өсімімен салыстырғанда төмен. Оның үстіне біздің диллерлер түрлі жеңілдік жасап, акциялар ұйымдастырып жатыр. Сондықтан, халықтың жаңа көлік алу мүмкіндігі артты деуге болады.
Бірақ, соңғы 20 жылдағы автокөлік нарығын зерттеп шыққан Жусан аналитикс сарапшыларының болжамы қуантпады. Олардың ойынша, 2030 жылға қарай жүрілгеніне 10 жылдан асқан машиналар үлесі - 80%, 20 жылдан асқандар - 56% болуы мүмкін.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Ал сарапшылардың сөзінше, қытайлықтар көлікті негізі 5 жылға ғана яғни 200 мың шақырым жүруге есептеп шығарады. Сонда, 5 жылдан соң оларды жаңа көлік санатына жатқыза аламыз ба? Уақыт көрсетеді.
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
