Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинаты іске қосылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинаты іске қосылмақ

06.10.2023

Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын іске қосу жоспарланып отыр. Заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын кәсіпорын республикадағы ең жоғары технологиялық зауыттардың біріне айналады. Бұл туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен «Monterra Group» компаниясының өкілі Иоганн Штоль кездесуінде айтылды. Тау-кен металлургия өнеркәсібі ел экономикасының көптеген салаларын дамытуға мультипликативті әсер етеді, деді үкімет басшысы. Жобаны 2026-2029 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асыру жоспарланып отыр. Ең жоғары қуатқа жеткеннен кейін кәсіпорын жылына 5 миллион тоннаға жуық алтын кенін өндіріп, өңдей алады. Жобаға 832 млрд теңгеге дейін тікелей шетелдік инвестиция тартылады. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу