ШҚО: Жұмыс уақытында жазатайым жағдайға ұшырайтындардың саны көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО: Жұмыс уақытында жазатайым жағдайға ұшырайтындардың саны көп

08.04.2022

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс уақытында жазатайым жағдайға ұшырайтындар саны азаймай тұр. Тек былтыр өңірдегі өндіріс пен құрылыс саласында 23 адам көз жұмса, 204 маман жарақат алған. Мұндай оқиғалар негізінен тау-кен металлургия және құрылыс саласында болады. Аудан, қалалар арасында Өскемендегі өндірістер көш бастап тұр. Қаладағы ірілі-ұсақты өндірістерде 48 адам жарақат алған. Еңбек қауіпсіздік ережесі жиі бұзылатын ірі 12 кәсіпорынға мониторинг жүргізілмек. Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы кейбір арыз-шағымдар бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Олжас Керей

Хабарламаларға жазылу