Елбасы елдегі христиан дінінің өкілдерін Пасха мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы елдегі христиан дінінің өкілдерін Пасха мерекесімен құттықтады

12.04.2015
Елбасы елдегі христиан дінінің өкілдерін Пасха мерекесімен құттықтады

Кеше Елбасы елдегі христиан дінінің өкілдерін Пасха мерекесімен құттықтады. «...Пасха - игі істерге, қайырымды амалдарға, мейірімділік, өзара құрмет, отбасы мен өз халқына деген сүйіспеншілік секілді шынайы рухани құндылықтарға бет бұратын мезет.

Елордамыз жаһандық дінаралық және мәдениетаралық диалог орталықтарының біріне айналды. Астанада алдағы маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтеді.

Бейбітшілік пен тыныштықты қолдауға Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік аймағы, сондай-ақ, басқа христиандық қауымдар салмақты үлес қосуда. Осы жарқын мерекеде барша қазақстандықтарға өркендеу және амандық тілеймін!», делінген Елбасының құттықтауында.

Хабарламаларға жазылу