Іле Алатауы ұлттық паркінде белгісіз біреулер орманшыны ұрып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іле Алатауы ұлттық паркінде белгісіз біреулер орманшыны ұрып кеткен

04.10.2023

Алматыда белгісіз біреулер орманшыны соққыға жықты. Оқиға Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында болған. 30 жастағы инспектор басынан жарақат алып, нөмірі 12 ауруханаға жатқызылды. Қала полициясы бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын хабарлады. Алдымен,орманшыны ұрып-соғуға қатысты іс «Бұзақылық» бабы бойныша қозғалған еді. Кейін «Күш қолдану» бабына өзгертілді. Парк қызметкеріне күш қолданғандар іздестіріліп жатыр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу