«Саябақтар шеруі-2014» акциясының жабылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саябақтар шеруі-2014» акциясының жабылу салтанаты өтті

10.06.2014
«Саябақтар шеруі-2014» акциясының жабылу салтанаты өтті
Алматы облысындағы «Іле Алатауы» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде cСаябақтар шеруі-2014» акциясының жабылу салтанаты өтті. Акцияға қатысқан мектеп оқушылары өзен бойларын, табиғи бақты қоқыстардан тазалап, ағаш отырғызды.
 
Бұл шараның мақсаты - мектеп оқушыларын жастайынан табиғатты аялауға үйрету. Ұлттық табиғи бақтың қызметкерлеріне қолғабыс жасаған оқушылар акцияның соңғы күнінде өнерлерін көрсетіп, табиғат аясында шағын концерттерін ұсынды.
 
Елімізде «Саябақтар шеруі» 1996 жылдан бері 18 жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп келеді. 
 
Асхат Есенбай, Түрген қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы: 
Осы Іле Алатауы паркінде өткізіліп жатқан іс-шараға көптеген оқушылар өздерінің еңбектерін сіңірді. Олар айналадағы қоқысты, өзен бойы тазартып, және де көптеген шырша, ағаштар отырғызып, жан-жануарларға көмектесіп жатыр.
 
                                                          
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу