БАҚ өкілдері арасында футболдан турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдері арасында футболдан турнир басталды

30.09.2023

Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астанада шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир басталды. Дода биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғаса бермек. Республикалық турнирге Атырау, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда мен Жетісу облыстарынан және Алматы, Шымкент, Астана қалаларынан барлығы 24 команда қатысып жатыр.

Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Өздеріңіз білесіздер бұқаралық спортты мемлекет басшысы тапсырды. Соған байланысты үлкен заң қабылданды. Сол бұқаралық спортты қолдау бағытында. Одан бөлек әріптестермен ақпараттық кеңістікте ғана емес жасыл алаңда ой бөлісіп, бір бірімен сыйластығын арттыру.

Қуан Шайсұлтанов, «Қазақстан» РТРК АҚ Студиядан тыс хабар тарату бөлімінің басшысы:

«Qazaqstan» Ұлттық арнасының атынан команда жинақталып қатысып жатыр. өте белсенді. 2 жыл бұрын казспорт командамыз БАҚ лиганың чемпионы болды және кубокты ұтып алдық. Биыл топтан бірінші орынмен шығып ары қарай жалғастырып, орынға ілігеміз деп ойлаймыз.


Хабарламаларға жазылу