Конституция күнінде футболдан БАҚ өкілдері арасында турнир өтті

30.08.2019

Шағын Футболдан Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы  Президент кубогінің иегерлері  анықталды. Конституция күніне орай елімізде алғаш рет ұйымдастырылған сайыста «Хабар» телеарнасы Президент кубогін жеңіп алса, екіншІ орын Қазспорт телеарнасына бұйырды. Үшінші, төртінші орындарды  «Хабар 24» каналы және «Егемен Қазақстан» газеті өзара бөлісті. Президент кубогін өткізуге Мемлекет басшысы қолдау көрсеткен. Алғаш рет өткен шараға тек телеарналар мен газет журналдар ғана емес, өңірлерден келген журналистерден жасақталған құрама командалар да қатысты. Турнирдің жүлде қоры – 3 500 000 теңге. 1 орын иегерлеріне 1 500 000 теңге, 2 орынға 700 000 теңге, 3 орынға 300 000 теңге берілді. Сонымен қатар жекелеген аталымдар бойынша да бірқатар әріптестеріміз марапатталды. Турнирдің жеңімпаздарын марапаттауға Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин мен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Берік Уәли,  ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза осы жарысты өткізу туралы бастама көтерілген кезде өзі тікелей қолдап, міндетті түрде сәлеміміді жолда деп бізге тапсырды. Бұл енді дәстүрлі түрде болмақшы. Жарысқа жалпы 25 команда қатысты. 9 өңірден команда келді. Ең бастысы, әріптестер бір-бірімен ынтымақтастықты дамытуға оң әсер еткен турнир болды деп айта аламыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу