Ақтөбедегі Президент резиденциясының бір бөлігі балаларға беріледі
Ақтөбедегі Президент резиденциясының бір ғимараты балаларға берілетін болды. Аумағы 500 шаршы метр болатын нысан 2008 жылы салынған.
Бұған дейін қонақтарға арналған үй ретінде қолданылған. Қазір бос тұр. Резиденция аумағындағы өзге ғимараттар мен жер учаскесі түгелдей «Қазхром» акционерлік қоғамына тиесілі. Қазір әкімдік екі қабатты нысанға кіріп-шығатын жол мен балалар ойын алаңын салу үшін компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Жауаптылардың айтуынша, енді бұл үйде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 25 бала тұруы мүмкін. Нақты шешім енді шығады.
Тимур Рыскелдин, Ақтөбе облысы әкімдігі Іс басқармасы басшысының орынбасары:
Оның ішінде көп қызметтік бөлімшелер бар, алдағы уақытта балалар үйіне беретін болғандықтан, оның шамамен 500 квадраттан 40 пайызы ғана қонуға арналған болады. Шамамен 25 баладан аспайтындай болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Әлем чемпионаты: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06