Бүгін ел қоржынына түскен 9 жүлденің алтауы – қола жүлде. Таэквондошылардан бөлек, семсерлесуден ерлер құрамасы да қола медальға ие болды. 1/8 финалда Непал спортшыларын, ширек финалда Кувейт өкілдерін жеңіп финалдың жолдамасы сарапқа салынға кездесуде Корея спортышаларынан жеңіліп қалды.
Жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Багату қола жүлде үшін тартысты ойында Иран спортшыларынан 2:0 есебімен басым түсті. Спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов та үшінші орын иеленді. Ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы атлетіміз 15100 балл жинады. Алтын жүлде тайпейлік, күміс жапон гимнастына бұйырды. Тағы бір қоланы 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин жеңіп алды. Бұл Әділбектің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, үшінші орынды жеңіп алған.