Жағажай волейболы. Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко - Азия ойындарының жеңімпаздары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жағажай волейболы. Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко - Азия ойындарының жеңімпаздары

29.09.2014
Жағажай волейболы. Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко  - Азия ойындарының жеңімпаздары

Жағажай волейболынан Қазақстан құрамасы  Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы Азия ойындарының «алтынын» жеңіп алды.

Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы финалда қытайлық  Чен Ченг пен Ли Яннан басым түсті.

Бірінші сет  21:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Екінші сетте де олар  21:10 есебімен басымдық танытты. Қорытынды есеп – 2:0.

Бұл – қазақстандық спортшылардың Жазғы Азия ойындарының тоғызыншы жарыс күніндегі бесінші «алтыны».

 

Фото AFP©

Хабарламаларға жазылу