Петропавлдағы электротехникалық зауыт өнімнің 95 пайызын экспортқа шығарып отыр
Кәсіпорын жылына 5 мың трансформатор өндіреді. Екі жыл бұрын ашылған нысан 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қызметкерлер санын 280-ге дейін жеткізу жоспарлануда. Кәсіпорынның басты өнімі – кернеу классы 6, 10, 35 киловольттық трансформаторлар.
Ернұр Ерғалиев, зауыт жұмысшысы:
Трансформаторымыздың негізгі бөлігі, жүрегі деп айтсақ та болады. Осы бөлігі біткеннен соң, екінші үстіңгі жағын өре бастайды. Одан кейін ары қарай обмотка мен намоткаға барады.
Осылайша мамандардың қолынан шыққан трансформаторлар тұрғын үй, мектеп, аурухана тағы басқа нысандарға жарық береді. Жоба құны 10 млрд теңге. Зауыт – Солтүстік Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі.
Талғат Якупов, зауыттың коммерциялық директоры:
Қазіргі уақытта біздің зауыт 50-60 пайызға жұмыс істеп жатыр. Толық қуатына шықса, 13 мың трансформатор жылына шығарамыз. Біздің зауыт 2021 жылы ашылды. Өзіміздің толық қуатымызға шығу үшін бізге уақыт керек.
Эльмира Каленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05