Петропавлда үй өртеніп, 3 адам қайтыс болды. Екеуі – 1 және 5 жастағы балалар. Алдын-ала болжам бойына қызыл жалынның тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Үш адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Нақтырақ айтар болсам, 20 жастағы келіншек, оның 1 жасар баласы мен 5 жастағы қайын інісі мерт болды. Өрт кезінде марқұмның күйеуі үйде болған. Ол сыртқа шығып үлгерген. Өкінішке қарай, ешкімді құтқара алмаған.
Өрт болған үйде 5 адам тұрып келген. Солардың бірі – аман қалған жігіттің анасы. Баспана тұруға жарамсыз. Отбасы 1956 жылы салынған үйді жалдап келген. Қалалық әкімдік өкілдері өрттен жапа шеккен тұрғындар уақытша баспана, азық-түлік және киім кешекпен қамтамасыз етілетінін айтты. Төтенше жағдайлар басқармасының өкілінен сұхбат алған болатынбыз оқиғаның мән-жайын сұрап. Назарларыңызға ұсынамын.
Назымбек Елемесов, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
Күйеуі келіншекке мен қазір терезені жарамын, далаға шығамыз деген. Терезені жарғанша әйел балалармен веранда жаққа шығып кеткен. Ол терезені жарып, арттарынан барған, ал веранда толығымен отқа айналған. Оларды шығара алмай, өзі ғана аман қалды.
Эльмира Кәленова