Сарыағаш аудандық соты 52 өзбек жолаушысының қазасына себепкер болған автобус иесіне қатысты үкім шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаш аудандық соты 52 өзбек жолаушысының қазасына себепкер болған автобус иесіне қатысты үкім шығарды

14.08.2019

Жол үстінде өртеніп, ішінде 52 адам қайтыс  болған автобустың қожайыны үш жылға сотталды. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты Қылмыстық кодекстің 348 бабын негізге ала отырып осындай үкім шығарды. Шағымданушы тарап мұндай шешімге толыққанды келіспейтіндігін мәлімдеген. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға былтыр қаңтар айында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында болды. Оңтүстік Қазақстанның Сарығаш ауданынан шығып, Татарстанның Қазан қаласына қарай бағыт алған автобус орта жолда өртке оранды. Бес адам сыртқа шығып үлгерген. Өкініштісі, қалған 52 жолаушы автобустың ішінде тірідей жанып кетті. Қайтыс болғандардың барлығы Өзбекстан Республикасы Наманган облысының тұрғындары. Марқұмдардың ең үлкені 41-де, ең кішісі 19 жаста. Тергеу барысында белгілі болғандай, өртенген автобус ескі, әрі жолаушылар тасымалдауға рұқсаты болмаған.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу