Бала тәрбиесін тек балабақшаға, мектепке ысырып қоюға болмайды. Ең алдымен жауапкершілікті ата-ана терең сезінуі тиіс. Қарапайым тұрғындар пікірі.
Бала тәрбиесіне ата-ананың жауапкершілігі зор. Қазақта «Тәрбие – отбасынан басталады» деп айтады ғой. Сондықтан да қазіргі таңда қоғамда өзін өзі ұстай білу, жауапкершілік, бала тәрбиесі - бәрі осыған кеп тіреледі. Сондықтан басқа ұлт өкілі болсын, өзге дін өкілі болсын, жан-жағына, қоршаған ортаға құрметпен қарап, олар да жауапкершілікті сезінуі тиіс.
Бір талдың жапырағына да тиме деп айтып отырамыз ғой. Жөніңмен барып, жөніңмен кел деймін. Өзімнің немерелеріме, қыздарыма теуіп кетпе, түкіріп кетпе деп айтып отырамын.
Ата-ана тәрбиелеуі керек. Барлық жақсылықты көрсету керек. Үлкендерді құрметтесе, одан жамандық көрмейді.