Белградта өтіп жатқан күрестен әлем біріншілігінде Жәмила Бақбергенова қола жүлдені иеленді
Үшінші орын үшін болған жекпе-жекте қазақстандық спортшы Польша өкілімен кездесіп, оны 4-1 есебімен жеңді. Бұл Жәмиланың 72 келідегі соңғы жекпе-жегі болатын. Отандасымыз алдағы Азия ойындарында олимпиадалық салмақ 76 келіде өнер көрсетеді және төрт жылдықтың басты бәсекесінде лицензия алуға тырасады. Айта кетейік, бұл – медаль Қазақстан үшін әлем чемпионатындағы үшінші жүлде. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков қола медальға қол жеткізген. Ал Ризабек Айтмұхан алтын алып, күрестен қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.