Азия ойындары: Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды

06.10.2023

Енді Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарына тоқталсам. Джиу-джитсудан 57 келі салмақта Галина Дуванова финалға шықты. Ол жартылай финалда Таиланд споттшысын жеңіп, финалға жолдама алды. Ендігі қарсыласы - Азияның 3 дүркін чемпионы Филиппин спортшысы Анние Рамирез.

Сондай-ақ, еркін күрестен 76 келі салмақта Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды. 1/2 финалда Үндістан балуаны Киранды 4:2 есебімен ұтты. Финалда жерлесіміз әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері, қырғыз елінің спортшысы Айпері Медетқызымен белдеседі.


Хабарламаларға жазылу