Ғалымжан Өсербаев қарулы күштер арасында еркін күрестен Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымжан Өсербаев қарулы күштер арасында еркін күрестен Әлем чемпионы атанды

08.10.2014
Ғалымжан Өсербаев қарулы күштер арасында еркін күрестен Әлем чемпионы атанды

АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында қарулы күштер арасында еркін күрестен Әлем чемпионаты аяқталды. Жарыста қызылордалық Ғалымжан Өсербаев 74 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдені иеленді. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарласты.

Сондай-ақ,  сайыста 65 келі салмақ дәрежесінде Азамат Шағапұлы қола жүлдеге ие болды.

Енді спортшылар қараша айында Астана қаласында өтетін Қазақстан Кубогына қатысады. 

 

Фото: kalashnikovo.ru

Хабарламаларға жазылу