Қазақстанда 2037 жылдан бастап жоғары оқу орындарына грант бөлінбеуі мүмкін. Жоғары білім министрлігі арнайы жоба әзірледі. Барлық ата-ана келешек жүйесі арқылы әр балаға ақша жинайды. Алғашқы төлем бала 5 жасқа толғанда жасалады. Мектеп бітіргенше ай сайын 1-3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша салып тұру керек. Ал мемлекет тарапынан ол 200 мың теңгелік бастапқы жарнамен мемлекеттік сыйақы және ұлттық қор есебінен толықтырылып отырады. Бала кәмелет жасына толғанда шамамен 6 млн 800 мың теңгеге дейін ақша жинақталады. Гранттар кей жағдайда ҰБТ нәтижесіне қарай берілуі де мүмкін.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 2037 жылдан бастап ЖОО-ға грант бөлінбеуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/181743/)