Мемлекет ипотекалық бағдарламаларға қаржы салуды біртіндеп тоқтатуы мүмкін. Биыл «Баспана хит», «Қарапайым заттар экономикасы» және жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын қаржыландыру аяқталады. Ал келер жылдан бастап «7-20-25» бағдарламасына ақша бөлінбеуі мүмкін. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы хабарлады. Мадина Әбілқасымованың айтуынша, экономикаға дағдарыстың әсері азайған соң, мемлекет мұндай бағдарламаға қаржылай қолдауды азайтпақ.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Баспана хит» және «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру тоқтауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/140981/)