Еуропарламентте Орталық Азия мәдениеті жайлы көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламентте Орталық Азия мәдениеті жайлы көрме өтті

22.09.2023

Орталық Азия мен Моңғолияның бай мәдени-мұрасы Еуропалықтарға кеңінен таныстырылды. Брюссельдегі Еуропарламент ғимаратында аймақтың бес мемлекеті мен Моңғолияның мәдениетін паш ететін көрме өтті. Шараны Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Моңғолияның Бельгиядағы елшіліктері Еуропарламентпен бірігіп ұйымдастырған. Көрмеге алты мемлекет халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін ұлттық бұйымдары, музыкалық аспаптары мен киім-кешектері қойылған. Көпшілік тамырлас, бауырлас елдердің көрікті жерлері бейнеленген суреттерді, зергерлік бұйымдарды тамашалады.

Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

Соңғы өткен консультативтік кеңесте біздің Президент Қасымжомарт Кемелұлы осындай ұсыныс жасады, «Ортақ туристік бренд құрайық Орта Азия деген . Себебі, Қазақстан емес, бүкіл Орта Азияның туристік мұрасы өте кең.

Томаш Здеховски, Еуропалық парламенттің орталық азия және монғолиямен байланыс делегациясының жетекшісі, еуропарламент депутаты:

Орталық Азия мен Моңғолияның Еуропалық Одақтың болашағы үшін рөлі зор. Әсіресе, энергетикалық тәуелділіктен арылу үшін байланысты бекемдеуге, елдеріңізге инвестицияны арттуға мүдделіміз. Осындай мәдени-экономикалық шаралардың арқасында ынтымағымыз онан сайын артары сөзсіз.


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу