Еуропарламентте Қазақстан жайлы көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропарламентте Қазақстан жайлы көрме ашылды

27.09.2022

Брюссельде орналасқан Еуропалық парламент ғимаратында «Қазақстан – ұлы дала елі» атты көрме ашылды. Шараны еліміздің Бельгиядағы елшілігі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өту қарсаңында ұйымдастырып отыр. Көрмеге еліміздің көрікті жерлерінің, танымал тұлғаларының суреттері мен ұлттық бұйымдар қойылған. Дипломаттар жиналғандарға қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы жайлы әңгімелеп, ұлттық бұйымдардың, музыкалық аспаптардың тарихымен таныстырды. Еуропалық Одақ өкілдері, Еуропарламент депутаттары мен қала қонақтары қазақтың бай мәдени мұрасын насихаттайтын көрмені осы аптаның соңына дейін тамашалай алады.

Гельмут Гойкинг, Еуропалық парламент депутаты:
Қазақстан-Еуропалық Одақтың басты сауда серіктесі. Ядролық қарудан бас тартып, заңның үстемдік етуі, демократиялық бағытта аз уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқардыңыздар. Біз Қазақстанды, елдеріңіздің жетістіктерін Еуропарламентте көпшілікке таныстырып жатқанымызға қуаныштымыз.

Н.Қасым, Таспагер:Б.Өмірбек

Хабарламаларға жазылу