Америка құрама штаттары мен Орталық Азия арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі. Сарапшылар Нью-Йоркте өткен саммитке осындай баға берді. Өйткені бұл форматтағы жиын 8 жыл бұрын басталған. Бірақ саммит Америка тарапынан мемлекеттік хатшы, ал Орталық Азия аймағынан сыртқы істер министрлері деңгейінде өтіп келсе, биыл мемлекеттер басшылары тұңғыш рет қатысты. Әрі бұрын дипломатиялық бағытта болса, соңғы жылдары бизнес форматында дамып келеді.
Асқар Нұрша, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
Саммиттің маңыздылығы алғаш рет Мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтті. Яғни, бұл жиынның салмағы артып келе жатқанын көрсетті. Әсіресе Американың Орталық Азия аймағына қызығушылығын аңғартады. Тараптар көп саланы талқылады. Экономика, саясат, қауіпсіздік, табиғи ресурстарды бірлесе өндіру мәселелері қаузалды. Демек, байланыс қарқын алады. Тағы бір ескеретін жайт, протокол бойынша да, басқа жағдайларда да Қазақстанға ерекше басымдық берілгенін көрдік.
Асима Нұрбайқызы