Брюссельде Орталық Азия-Еуропалық Одақ саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғарғы деңгейлі диалогының 6-отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Орталық Азия-Еуропалық Одақ саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғарғы деңгейлі диалогының 6-отырысы өтті

29.05.2019

Шараға аймақтағы 5 елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен арнайы қонақ ретінде Ауғанстан өкілдері де қатысты. Басқосуда Орталық Азиядағы қауіпсіздікті күшейту, есірткі саудасы, лаңкестікпен күрес, шекараны басқару жайы талқыланды. Көкейтесті мәселелер  Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған жаңа стратегиялық бағдарламасында толық қамтылған. Жаңа стратегия Еуропалық кеңес бекіткен соң, 7-шілдеде Бішкекте өтетін Орталық Азия Сыртқы істер министрлерінің отырысында ресми таныстырылады.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Келіссөздер барысында біз сайлаудан кейін қарым-қатынасымыз қалай өрбитінін де талқыладық. Еуропалық Одақтың Орталық Азияға жаңа стратегиялық бағдарламасы қабылданатынын және аймақтың 5 мемлекетінің өзара ынтымағы нығайып келе жатқанын ескерсек, әріптестігіміз жаңа деңгейге көтеріледі деген сенімдемін.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу