Қазақстан мен Қырғызстан арасында мемлекетаралық байланыс жаңа деңгейге көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстан арасында мемлекетаралық байланыс жаңа деңгейге көтеріледі

02.03.2021

Садыр Жапаров Премьер-Министр Асқар Маминмен де кездесті. Олар қос елдің үкіметаралық байланысын арттыру жолдарын, бүгін қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу тетіктерін талқылады.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де Қырғыз Президентімен кездесті. Бүгінгі келісімдер жүзеге аса бастаған уақыттан бастап бауырлас қос елдің байланысы бұрынғыдан да биік белестерге көтерілетініне сенімдімін деді палата төрағасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес мемлекеттердің стратегиялық серіктестігін үнемі дамытып отыруға барынша күш салып келеді. Бұл бұған дейінгі байланысты одан әрі баянды ететіне бек сенімдімін деді Нұрлан Нығматулин.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу