Каспий медиафорумы: Ұлттық арна қызметкерлері үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий медиафорумы: Ұлттық арна қызметкерлері үздік атанды

21.09.2023

Ресейдің Астрахань қаласында Каспий маңы елдерінің өкілдері қатысқан 8-Каспий медиафорумы өтті. Биылғы жылы форум бағдарламасында халық дипломатиясына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Каспий маңы елдерінде тұратын 250 миллион азаматтың арасындағы өзара түсіністік пен сенім ахуалын нығайту үшін заманауи телекоммуникациялық құралдардың рөлі зор. Шара аясында «Шекарасыз Каспий» халықаралық байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Жаңа көзқарас» номинациясы бойынша Қазақстан ұлттық телеарнасының операторы Өнербек Жаңабаев жүлдегер атанды. Ал «Арнайы жүлде» әріптесіміз Асима Нұрбайқызына «Гейдар Әлиев» деректі фильмі үшін табысталды. 160-тан аса жұмыстың ішінде әріптестеріміз үздік атанды.  


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу