БАҚ өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы қорытындыланды

24.06.2015
БАҚ өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы қорытындыланды

«Ана тілімізді ақпарат құралдарында кеңінен насихаттағаны үшін» баспасөз аталымында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі марапатталса, «Үздік телеарна» аталымы «Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісіне бұйырды.

«Радио және сайт» аталымында қазақ радиосының Павлодар облысындағы тілшісі мен мемлекеттік тіл институты сайтының редакторы жеңімпаз атанды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға қаржылай және ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Мәдениет және спорт министрі сондай-ақ осы салада қалам тартып жүрген бірқатар тілшілерді алғыс хатпен марапаттады. Алғыс хат алғандардың ішінде әріптестеріміз, Ұлттық арна тілшілері Индира Бектенова мен Дулат Абибуллаев та бар.

Хабарламаларға жазылу