Оралда жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды

19.09.2023

Оралда 37 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды. 22 жастағы азамат екі ай бойы жол белгілерін елемей жылдамдықты шамадан тыс асырған.

Полицейлер тоқтатқан кезде жүргізуші хабарлама келмеді деп ақталды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, адам өліміне әкелетін көлік апаттарының дені жылдамдықты шектен тыс асырғаннан болады. Жыл басынан 240 апат болып, 58 адам көз жұмған.

Қайрат Длимов, қалалық полиция басқармасы взвод командирінің міндетін атқарушы:

37 ереже бұзушылықтың бәрі 1 млн теңгеге шығып тұр. Және бұл көлік қазір 505-ші айыптұраққа жеткізіледі. Өйткені ол дәл қазір айыппұлын төлей алмай тұр.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу