Оралдық әскери қызметкер қарамағындағы жұмысшыдан сыйлыққа ауа тазартқыш алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық әскери қызметкер қарамағындағы жұмысшыдан сыйлыққа ауа тазартқыш алған

14.12.2018

Сыйлық алып, сан соқты. Оралда әскери қызметкер қарамағындағы жұмысшыдан сыйлыққа ауа тазартқыш алған. Сол үшін мемлекеттік қызметкерге 1 млн. 400 мыңнан астам теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Агенттік өкілдері мемлекеттік қызметкерлердің тарту-таралғы алғаны және бергені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Біржан Хайруллин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО департаментінің басқарма басшысы:

- ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 677-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Орал қалалық сотының 12 қыркүйектегі шешімімен азамат Елубаевқа 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған болатын. Яғни, 1 млн. 400 мың теңге көлемінде.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу