Батыс Қазақстанда көлік апатынан алты адамы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда көлік апатынан алты адамы қаза тапты

18.09.2023

Батыс Қазақстан облысында көлік апатынан бір отбасының алты адамы қаза тапты. Оқиға түнде Самара-Шымкент күрежолының бойында, Теректі ауданы Бекей кентінің тұсында болды. Жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 34 жастағы ер адам, оның 33 жастағы әйелі мен кәмелетке толмаған төрт бала көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі де жарақат алды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жанболат Жаншин, Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Lada автокөлігі қарсы бағытқа шығып, DAF жүк көлігімен соқтығысады. Ол жерде жеңіл көлікте тежегіш басқан іздері қалмаған. Сондықтан біздің тұжырым бойынша не Лада көлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен, не болмаса көңілін бөліп жіберді.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу