Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Осыған орай, жаппай вакцинациялау қолға алынды. Бір аптада 1700-ден астам адамнан індет анықталған. 52 өңірде науқас саны көбейген. Осыған дейін тіркелген штамдар мутацияға ұшырап, жаңа вирустың 10-нан астам түрі анықталды. Оның ішінде «эрис» штамы жылдам тарауда. «Белгілері тұмауға ұқсас», - дейді мамандар.
Геннадий Онищенко, инфекционист-дәрігер:
Коронавирус басталғалы 400 мыңға жуық тұрғын көз жұмды. Бүгінгі күні індет қайтадан күшейді. Әсіресе Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында жұқтырғандар көп. Сондықтан қолда бар вакциналардағы антигендерді өзгерту керек. Бұл жұмыспен мамандар айналысып жатыр.
Индира Бегайдар