Ақтөбеде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Шараға еліміздің түкіп-түкпірінен ғалымдар мен белгілі тарихи тұлғалардың ұрпақтары жиналды.
Қонақтар алдымен Ақтөбе қаласының орталығындағы «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешеніне тағзым етті. Ал қоғамдық келісім ғимаратында «Т.Жүргенов және түркі әлемінің рухани бірегейлігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиналғандар қайраткердің өмір жолына шолу жасап, бұған дейін беймәлім болып келген деректерді ортаға салды. ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен Түркі әлемінде 2023 жыл — Жүргенов жылы болып жарияланғаны белгілі. Бұған дейін тарихи тұлға туралы жазылған жинақ түрік тіліне аударылып, Анкарада таныстырылымы өткен болатын.
Жақсыбек Кемал