Қазақстанда тағы да бензин қымбаттауы мүмкін. Қазір елімізде көлік салығын алып тастап, жанармайдың әр литріне қосу мәселесі қаралып жатыр. Құжат қазір ашық талқылауға шығарылған. Автокөлік иелері жыл сайын мемлекет бюджетіне 80 млрд теңге салық төлейді. Ұлттық экономика министрлігінің есебі бойынша осы қаржыны бензин бағасынан алып шығу үшін жанармайды 14 теңгеге қымбаттату керек.
Қазіргі салық кодексіне сәйкес қозғалтқыш көлемі 4 литрден жоғары көліктердің салығы шығындарынан 10 даған есе қымбат. Жылына 400-ден 700 мың теңгеге дейін барады. Сондықтан жаңа салық кодексінде мұндай көліктер үшін ерекше ереже бекітілмек. Алдымен осы құжатты ұсынған Ұлттық экономика министрлігі өкілін тыңдап алайық.
Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Бізде 3 млн 900 мың жеңіл автокөлік бар. Оның жеті пайызының ғана қозғалтқыш көлемі 4 литрден асады. Есептесек, олардың жыл сайынғы салығы керізінше арзандап қалайын деп тұр. Олардың міндетті төлемін шағын көліктерге ауыстыру дұрыс емес қой. Сондықтан олар қымбат бензин тұтынып қана қоймай, дәстүрлі салық та төлейді. Бірақ бұрынғыдай емес арзандатылады.
Ал шағын көліктер үшін міндетті төлем қалай өзгереді? Қарапайым есеп жүргізіп көрейік. Қозғалтқыш көлемі 1,6 автокөлік 1 жылдың ішінде шамамен 30 мың шақырым жол жүреді. 100 шақырымға 9 литр бензин тұтынады деп есептесек, бір жылдың ішінде 2 тонна 700 литр жанармай керек. АИ-92 нің қазіргі бағасы литріне 205 теңге. Яғни бұл көлік иесі 553 500 теңгеге бензин құяды. Ал 14 теңгеге қымбаттап, литрі 219 теңгеден сатылса 591 300 теңгеге жетеді. Яғни, ол бір жылда 37 800 теңге салық төлейді. Ал, қазіргі салық кодексіне сәйкес қозғалтқыш көлемі 1,6 литр көлік иелері 11 050 теңге салық төлеп келеді.
Яғни, бұл есеппен шағын көлік иелері салықтан босатылып, жанармай қымбаттаса жүргізушілер ақшасын үнемдемейді. Бірақ мемлекеттік кірістер комитеті керісінше айтады. Бұл мәселеге көлік иелерінің пікірі әртүрлі
Жанболат Андабаев, Тараз тұрғыны:
Апта сайын қымбат бензинді құйып жүргенше, мен жылдық салығымды тып-тыныш төлеп жүргенім артық емес пе? Сондықтан мұндай өзгерісті қолдаймын деп айта алмаймын.
Мақсат Абдуллаұлы, Тараз тұрғыны:
Өзім мініп жүрген машинамның салығы өте қымбат. Бензин де қымбат, 300 мыңнан астам төлеймін. Одан да бензиге қосып, бензинді қымбаттатқан дұрыс деп ойлаймын.
Шынболат Өсербаев, Тараз тұрғыны:
Қолдаймыз. Өйткені көлігіміздің көлемі үлкен, бензинді көп жейді. Одан кейін жылына 20 мың салық төлейміз.
Жүргізушілер қолдағанымен, бізде жанармай бағасы өскен сайын азық-түлік те өзгесі де қымбаттайтыны жасырын емес. Себебі тасымал құны бірге көтеріледі. Бұл инфляцияны өз қолымызбен үдеткендей болады дейді сарапшылар. Экономистің пікірін тыңлап көрейік.
Бауыржан Ысқақов, экономист:
Өңірлерді дербес қылудың, ауылдың бюджетін қалыптастырудың тетігінен айырылып қалу мүмкіндігінде тұрмыз. Өйткені ауыл әкімдерінің кіріс көздерінің бірі ретінде сол ауылда тіркелген көлік құралдарынан түсетін салық болса егер де ол салықты алып тастайтын болсақ ауыл әкімдерінің бюджетінің азайып қалуына мүмкіндік береміз. Ол деген сөз, кіріс көзінің бір бөлігінен айырылып қалу деген сөз ауыл әкімінің әр түрлі әлеуметтік мәселелерді оперативті шеші мүмкіндігінен айыру деген сөз.
Оңғар, көлесі 4 литрге дейінгі көліктерді салықтан босатып, жанармай бағасын өсірудің қандай тиімділігі бар? Зерттеу барысында тағы қандай деректер назардан тыс қалғанын анықтадың?
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Тиімді жағы әзірге белгісіз. Бірақ, сарапшылар тағы бір қауіп бар екенін айтады. Баға өскен кезде бензинді ең көп тұтынатын тасымалдаушылар мен такси жүргізушілері, тіпті өзгелер де көліктеріне жаппай газ қондырғысын орнатуы мүмкін. Біріншіден, онсыз да жетпей жатқан газдың тапшылығы өршітуі мүмкін. Ал аз нәрсе қымбаттай түсетіні тағы бар. Дегенмен жаңа ереже әзірге қабылданған жоқ. Ұсыныс ретінде ашық талқылауға 29 қыркүйекке дейін шығарылды. Ашық үкімет порталындағы құжатқа әркім өз пікірін онлайн да жазып кетуіне болады.