Қазақстанда бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін

21.08.2014
Қазақстанда бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін. 

Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары Ерлан Қойбағаров мәлімдеді.

«Біздің сарапшылық пікірімізге сәйкес, қазіргі  таңда бензин бағасының көтерілуі тиістігін дәлелдейтін екі фактор бар. Біріншісі, теңге бағамының өзгеруі.

Екіншісі, дәл осы мұнай өніміне маусымдық  баға өсімінің орын алуы. Яғни, біздің сарапшылық пікірімізше, бензин бағасы  10-15 пайызға қымбаттауы тиіс. Бұл әділ баға болар еді», - деді ол.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу