Ұн бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

21.08.2020

Онсыз да жоғары сұрыпты ұн құны жыл басынан бері 24 пайызға көтерілген болатын. Яғни, 163-тен 200 теңгеге жетті. Жазда 15 теңге қосылғаны тағы бар. Қыста баға қайта құбылуы мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі жыл басында осындай мәлімет келтірген болатын. Демек ұн бағасы өссе, нан қымбаттайды. Мұны диірменшілер өндірістегі шығындармен байланыстырса, сарапшылар бағаға бидайдың көлемі мен сапасы да әсер етеді деп отыр. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу