Вьетнам астанасы Ханойда тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандар саны 56-ға жетті. Арасында балалар да бар. 37 адам жараланған. Тоғыз қабатты үйде түн ортасында тұтанған өрт жан-жағын тез шарпыған. Вьетнам ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына премьер-министр Пам Мин Чин барды. Үкімет басшысы елдегі өртке қарсы заңнамаларды жетілдіруге шақырған. Полицияның мәліметінше, үй қожайыны өрттің алдын алу ережесін сақтамады деген айыппен ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Арыстан Рысбек