Петропавлдағы ең көне саябақтардың біріне әр маусымда 50 мың отбасы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы ең көне саябақтардың біріне әр маусымда 50 мың отбасы келеді

12.09.2023

Қазақстандағы ең көне саябақтардың бірі Петропавлда орналасқан. Нысанның 150 жылдан астам тарихы бар.

Ашық аспан астындағы демалыс орнына әр маусымда орта есеппен 50 мың отбасы келеді. Саябақ әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілерге арналған көшеде орналасқан.

Күлбаршын Сәпиева, зейнеткер:

70 жылдары жас кезімізде осы жерге келіп тұратынбыз. Ол кезде басқаша болды. Қазір енді Құдайға шүкір. Мынау жаңа Қазақстан деп жатыр ғой, барлығы жаңадан түлеп жатыр, еліміз көркейіп жатыр. Мынау Қызылжар қаласы өте қатты өсіп жатыр. Қазіргі балалар өте бақытты.

Нысан әкімшілігінің айтуынша, демалыс орнына шетелдіктер де жиі келеді. Түрлі жас ерекшелігіне арналған 40-қа жуық аттракцион жұмыс істеп тұр. Ал олардың ең үлкені – шолу дөңгелегі. Оның көмегімен 27 метр биіктікке көтеріліп, әсем шаһарды тамашалауға болады.

Александр Козлов, саябақ директоры:

Қала тұрғындарының барлығы жаз бойы осында демалады. Аттракциондарды жаңалап отырамыз. Жыл сайын қайырымдылық жасап, жағдайы төмен отбасылардың балаларына тегін билет таратамыз. Қазақстанда ашық аспан астында жұмыс істейтін саябақтар санаулы ғана.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу