Оқушы мектепке бекітілген форма киюі керек – Мәдениет және ақпарат министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушы мектепке бекітілген форма киюі керек – Мәдениет және ақпарат министрі

11.09.2023

Бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Ер жете діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамда қызу талқыға түскен мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында осындай жазба қалдырды.

«Ата Заңымызға сәйкес, Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені, білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді».


Хабарламаларға жазылу