Мектепте хиджаб киюге бола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектепте хиджаб киюге бола ма?

22.08.2023

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп формасына қатысты дауға нүкте қойды. Ол оқушылар мектепке арнайы бекітілген формамен келуге міндетті екенін еске салды. Әр бала мектепке сапалы білім алуға келетінін, ал білім ордасында арнайы бекітілген киім үлгісі бар екенін жеткізді. Осылайша Ғани Бейсембаев оқушылардың мектепке хибжаппен келуіне рұқсат жоқ деді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша «Зайырлы Мемлекет» деп есептелінеді. Мектеп те зайырлы. Сондықтан да оның үстіне 16 жылы бекітілген бұйрық бар. Оқушылардың формасы мен киміне қатысты. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар талап бойынша мектепке оқушы формасымен келуі керек.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу