50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады

03.10.2023

50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады. Мемлекет басшысы «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойды және онлайн петициялар институтын заңмен бекітті. Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді. Заң аясында петиция институты ресми түрде реттеледі. Енді қазақстандықтар арнайы интернет-портал арқылы петиция жібере алады.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Заң өтініш берудің бірнеше шектерін белгілейді. Аудандық деңгейдегі петицияларды ең аз дегенде 2,5 мың азамат қолдауы керек. Өтініш Үкімет деңгейінде қаралуы үшін 50 мың азаматтың қол қоюы қажет. Соңғы шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы қабылдайды, - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу