Елорадада тіл мерекесіне орай ғылыми-конференциялық жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорадада тіл мерекесіне орай ғылыми-конференциялық жиын өтті

06.09.2023

Елорадада тіл мерекесіне орай ғылыми-конференциялық жиын өтті. Қатысушыларға тіл саласын дамытуға арналған ғылыми кітаптар мен оқу-әдістемелік құралдар таныстырылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның мақсаты – ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру. Аталған мереке ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар келгендіктен жиын соңында қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытып жүрген ғалымдарға «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі табысталды.

Тұрдығұл Шаңбай, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты:

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді ең бірінші өзімізден бастауымыз керек. Әркім өзі отырған орнында сол нәрсеге қызмет ету керек. Бесіктегі баладан үлкен кісігіе дейін тілге құрметпен қарау өзімізден басталу керек.


Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу