Елдегі су шаруашылығы саласы мамандарға зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі су шаруашылығы саласы мамандарға зәру

05.09.2023

Су шаруашылығында мәселе шаш етектен. Салаға түбегейлі өзгеріс қажет. Тіршілік нәрінің тағдыры әсіресе, сапалы кадрларға қарап тұр. Мыңдаған шақырым канал мен жерасты сулары сонау кеңес заманында зерттелген. Олардың соңғы 30 жылда қандай өзгеріске ұшырағаны белгісіз. «Сол себепті әуелі халықаралық тәжірибені зерттеп, сауатты мамандар даярлау ісін қолға алу керек», - дейді Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов.

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жас мамандар қазір су шаруашылығына бармайды. Ғылыми зерттеулерге қатыспайды. Магистратура мен доктарантурада санаулы ғана балалар оқып жатыр. Бұл дегеніміз кадр жоқ деген сөз. Шетелдік су шаруашылығымен айналысатын институттармен байланысқа шығу керек.



Хабарламаларға жазылу