Бурабайда жас геологтардың VI далалық ашық олимпиадасы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда жас геологтардың VI далалық ашық олимпиадасы өтіп жатыр

26.07.2022

Бурабайда жас геологтардың далалық ашық олимпиадасы өтіп жатыр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен "Жас геолог" корпоративтік қоры ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және ТМД елдерінен 150 оқушы шақыртылған. Олар апта бойы палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография сынды әртүрлі геологиялық пәндер бойынша жарысады. Мұнда дала жағдайында өткізілетін шеберлік сыныптары да қарастырылған. Жастарды ерте кәсіптік бағдарлау жұмыстарына еліміздегі ірі кәсіпорындар демеушілік көрсетуде. Өйткені еліміздің геологиялық саласы жақсы мамандарға зәру.



Хабарламаларға жазылу