Су ресурстарының 70%-ын ауыл шаруашылығы саласы пайдаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су ресурстарының 70%-ын ауыл шаруашылығы саласы пайдаланады

01.09.2023

Еліміздегі су ресурстарының 70%-ын ауыл шаруашылығы саласы пайдаланды. Егін алқаптарының 5%-ында ғана суды үнемдеу технологиясы қолданылады. Осындай заманауи тәсілдің үлесін арттыру уақыт күттірмейтін мәселе. Сондай-ақ, егілетін дәнді-дақылдардың басым бөлігі әлі күнге дейін сырттан тасымалданады дейді мамандар.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА вице-президенті:

Өкінішке қарай, біздің сұрыптардың 60-70% шетелден әкелетін болдық. Бұл дұрыс емес. Өзіміздің отандық селекцияны дамытуымыз керек. Президентіміз бүгінгі жолдауда соны айтты. Өзіміздің отандық селекцияны дамытады.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу