Алматыда ірі бұршақ жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ірі бұршақ жауды

22.05.2023

Алматы және облыс аумағында күн қатты күркіреп, бұршақ жауды.

Тұрғындар түсірген мына таспаларда бұршақтың көлемі 2-3 сантиметрге дейін жететіндігін көруге болады. Желі қолдаунышылары бұршақ қаланың барлық ауданында бірдей жаумағанын жазады. Кей жерлерде мүлде болмаған. Бұған дейін синоптиктер Алматы облысының аумағында дауылды ескерту жариялаған еді. Олар нөсер жауын соңы ірі бұршаққа ұласатынын ескерткен.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу