Қонаев қаласы маңында күре жолдың бойында көкпар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласы маңында күре жолдың бойында көкпар өтті

04.09.2023

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы маңында күре жолдың бойында көкпар өтті. Оны ұйымдастырған сол өңірдің тұрғыны болып шықты. Айтуынша, ұлдарының туған күніне орай шабандоздарды жинап, осылай атап өтуді жөн көрген.

Полицияның дерегіне сай, шараны ұйымдастырған және оған қатысқан спортшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Яғни, тәртіп сақшылары Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар автожолының бойындағы көкпар көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіргенін айтып отыр. Ал көкпарды өткізген 44 жастағы тұрғын бұл ісі үшін кешірім сұрады.

Енді ойнап бәрі жақсы өткен, бірақ енді трассаға шығып кететінін білмеппін. Осыған орай енді кешірім сұраймын.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу