Павлодарда күре жолдың бойында келе жатқан көлік жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда күре жолдың бойында келе жатқан көлік жанып кетті

28.04.2022

Павлодарда күре жолдың бойында келе жатқан көлік әп-сәтте жанып кетті. Жүргізушісі аман. Ол салон ішінде күйік иісі шыққанын сезіп, көлігін бірден жол қапталына қаңтарған. Сол сәтте жалын лап еткен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жол талғамайтын көліктің қанқасы ғана қалды. Сондықтан көліктің не себепті өрттенгенің анықтау қиын, дейді мамандар.

Алматының 19 ықшам адуанында да көлік өртенді. Темір тұлпар жүргізушісінің сөзінше, ол көлігін оталдырған сәтті қозғалтқышынан түтін шыға бастаған. Көршілері жедел әрекет етіп, маңайындағы көліктерін қауіпсіз жерге алып үлгерген. Десе де жақын қашықтықта орналасқан машиналардың бірін қызыл жалын шарпыған. Өрттің шығуына оталу жүйесіндегі ақау себеп болған. Зардап шеккендер жоқ.


Хабарламаларға жазылу