Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты Тимур Сүлейменов ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен Аида Балаева, Ержан Жиенбаев, Ернар Баспаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары қызметтерінен Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық әріптестік жөніндегі арнайы өкілі қызметінен Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен Әсет Исекешев Президент көмекшісі қызметінен Қанатбек Жайсанбаев Президент әкімшілігінің өтініштерді қабылдауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Тағы бірнеше адам қызметінен босатылған.
Сондай-ақ Президент жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, Ержан Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.
Оңғар Алпысбайұлы